АҚШ-та жол апатынан 27 адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та жоғары жылдамдықпен жүретін трамвай рельстен шығып кетті. Апат түнге қарай болған. Құтқару жұмыстарына 40 өрт сөндіруші қатысты.

Жұмаға қараған түнде Калифорния штатындағы Сакраменто қаласында трамвай рельстен шығып, кем дегенде 27 адам зардап шекті. Бұл туралы қаланың өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап Los Angeles Times газеті жазды.

Басылымның хабарлауынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша шамаман сағат 21:43-те болған. 

Жоғары жылдамдықтағы трамвайдың рельстен қалай шығып кеткені туралы ақпарат жоқ.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы