АҚШ жаңартылған B61-12 термоядролық авиабомбаларын сәтті сынақтан өткізді

АҚШ жаңартылған B61-12 термоядролық авиабомбасының ұшу сынақтарын сәтті жүзеге асырды. Бұл туралы АҚШ Энергетика министрлігіне қарасты «Сандия» ұлттық зертханасы хабарлады, деп жазады BAQ.KZ Report агенттігіне сілтеме жасап.

Сынақтар 19–21 тамыз аралығында Невада штатындағы Тонопа полигонында өтті. Тест барысында бесінші буындағы F-35 жойғыштары инертті B61-12 үлгілерін жеткізіп, оларды тастап көру арқылы оқ-дәрінің дәлдігі мен сенімділігін растады. Зертхана мамандары сынақ нәтижелерін "қарудың тиімділігін бағалаудағы маңызды кезең" деп атады.

Бұған дейін АҚШ-тың Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық басқармасы (NNSA) B61 сериясын жаңғырту бойынша ұзақ жылдарға созылған бағдарламаны аяқтаған болатын. Модернизация аясында жаңа плутоний өзектері орнатылып, авиабомбалардың қызмет ету мерзімі кемінде 20 жылға uzарған.

1962 жылдан бері жасалып келе жатқан B61 авиабомбалар отбасы 14 түрлі модификацияны қамтиды. Бұл – қуаты өзгермелі (0,3-тен 340 килотоннаға дейін) әуе базасында қолданылатын тактикалық ядролық қару. Жаңғырту бағдарламасы аясында B61-1, B61-3 және B61-4 нұсқалары негізінде жасалған 400 дана B61-12 бомбасын шығару жоспарланған. Жаңартылған нұсқа жер астында орналасқан нығайтылған объектілерді жоюға да арналған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Report
Өзгелердің жаңалығы