Бүгiн 2026, 02:34 Фото: magnific.com

АҚШ жанармай бағасын реттеу жолдарын іздеуде

Қазір АҚШ-та бензиннің орташа бағасы бір галлон үшін 4,50 доллардан асады.

АҚШ-та Ақ үй әкімшілігі Иранмен жалғасып жатқан соғыстың салдарынан қымбаттаған жанармай бағасын төмендету шараларын талқылап жатыр. Бұл туралы Reuters дереккөздерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талқыланып жатқан нұсқалардың қатарында федералды бензин салығын уақытша алып тастау да бар. Қазір АҚШ-та бензиннің орташа бағасы бір галлон үшін 4,50 доллардан асады.

Шенеуніктердің айтуынша, соғыс басталғалы бері жанармай бағасы шамамен 50%-ға өскен, бұл инфляцияға және тұтынушылардың қаржылық жағдайына әсер еткен.

Сауалнамаларға сәйкес, американдықтардың басым бөлігі жанармай бағасының қымбаттауына байланысты экономикалық қысым сезінетінін айтқан. Бұл жағдай Ақ үйге саяси қысымды күшейтіп отыр.

Сонымен қатар, сарапшылар бағаның одан әрі өсуі ықтимал екенін және жаз маусымында тапшылық қаупі барын ескертуде.

Ақ үй бұл мәселені нарықтағы тұрақтылық пен энергия ресурстарын қамтамасыз ету стратегиясы аясында қарастырып жатқанын мәлімдеді.