4 Қазан 2026, 19:17 Фото: istockphoto.com

АҚШ жағалауынан алты адам мінген жоғалған ұшақтың сынықтары табылды

Әуе кемесінің апатқа ұшыраған жерін жағалау күзеті Нантакет аралы маңынан анықтады.

АҚШ жағалау күзеті Массачусетс штатындағы Нантакет аралы маңында жоғалып кеткен ұшақтың сынықтарын тапты. Әуе кемесінің бортында алты адам болған.

АҚШ жағалау күзетінің мәліметінше, іздеу топтары ұшақтың апатқа ұшыраған жерін анықтап, табылған сынықтардың жоғалған әуе кемесіне тиесілі екенін растады.

Борттағы алты адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, Бермуд аралдарынан Бостонға бағыт алған Gulfstream G100 санитарлық авиация ұшағымен байланыс 3 қазан күні таңертең үзілген болатын.