АҚШ Венесуэлаға қатысты әскери әрекеттің үш нұсқасын қарастыруда

АҚШ әкімшілігі Венесуэлаға қарсы ықтимал әскери операциялардың үш нұсқасын талқылап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ New York Times басылымына сілтеме жасап.

Бірінші сценарий – президент Николас Мадуроның әскери қолдауын әлсірету мақсатында әуе шабуылдарын жүргізу. Екінші нұсқа – Мадуроны ұстап алу немесе жою үшін арнайы жасақ жіберу. Ал үшінші, неғұрлым ауқымды жоспар – Венесуэланың әуежайларын, мұнай нысандары мен инфрақұрылымының бір бөлігін бақылауға алу үшін АҚШ-тың терроризмге қарсы күштерін тарту.

Бұған дейін Washington Post газеті АҚШ Венесуэла жағалауына әскери кемелер мен сүңгуір қайықтар орналастырып, мыңдаған сарбаз жібергенін хабарлаған.

Сол күні Венесуэла президенті Николас Мадуро Вашингтонды «елдің табиғи ресурстарын иелену үшін соғыс ашуға тырысып отыр» деп айыптады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Joe Raedle/Getty Images
Өзгелердің жаңалығы