АҚШ Венесуэла "ұрлаған" мұнай құқығын қайтарғысы келеді – Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Венесуэла заңсыз иемденді деп санайтын мұнай құқықтарын қайтарып алуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Вашингтон маңындағы Эндрюс әскери базасында журналистермен сөйлесу барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұмытпаңыздар, олар біздің барлық энергетикалық құқықтарымызды тартып алды. Жақында олар біздің мұнай құқығымызды алды, ал біз оны қайтарғымыз келеді. Олар бұл құқықтарды заңсыз иеленді, – деді АҚШ президенті.

Бұған дейін, Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде АҚШ Қарулы күштері Венесуэла айналасында әскери топ құратынын мәлімдеген. Оның айтуынша, бұл шара Вашингтон «бұрын ұрланған» мұнайды, жерді және өзге де активтерді толық қайтарып алғанға дейін жалғасады.

АҚШ билігі Каракасты есірткі контрабандасымен жеткілікті деңгейде күреспей отыр деп айыптап келеді. АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Венесуэлаға кіретін немесе одан шығатын санкцияланған барлық мұнай танкерлерін «бұғаттау» туралы бұйрық берген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы