АҚШ Венесуэла маңындағы әскери базаны қайта жаңартуда – Reuters

АҚШ Венесуэлаға қарсы ықтимал әскери операцияларға дайындық аясында Пуэрто-Рикодағы Рузвельт-Родс әскери-теңіз базасын жаңғыртуды бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Спутниктік суреттерге сәйкес, 20 жылдан бері қараусыз тұрған нысанда ұшу-қону жолағы мен такси жолдары қайта салынып жатыр. Сонымен қатар, Вашингтон Пуэрто-Рико мен Санта-Круз аралындағы азаматтық әуежайлардың инфрақұрылымын кеңейтуде. Бұл аумақтар Венесуэладан шамамен 800 км қашықтықта орналасқан.

Бұған дейін АҚШ билігі Каракасты есірткі контрабандасымен күресте жеткілікті шара қабылдамады деп айыптаған болатын. The Miami Herald басылымының мәліметінше, Вашингтон Венесуэладағы әскери нысандарға соққы беру мүмкіндігін қарастыруда. Алайда президент Дональд Трамп бұл мәліметті растаған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: REUTERS/Ricardo Arduengo
Өзгелердің жаңалығы