8 Тамыз 2026, 09:15 Фото: istockphoto.com

АҚШ Үндістанға сұйытылған мұнай газын жеткізуде көш бастады

Жыл басынан бері америкалық компаниялар Үндістанға шамамен 3,6 млн тонна сұйытылған табиғи газ экспорттаған.

2026 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша АҚШ Үндістанға сұйытылған мұнай газын (СМГ) ең көп жеткізген ел атанды.

The Times of India мәліметінше, шілде айында АҚШ-тан жеткізілген газ көлемі 896 мың тоннаға жетіп, маусыммен салыстырғанда 24%-ға артқан.

Сонымен қатар жыл басынан бері Парсы шығанағы елдерінен – БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар және Кувейттен импортталған сұйытылған мұнай газының көлемі 5,3 млн тоннаға дейін азайған. Жеткізілім құрылымының өзгеруіне АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың шиеленісуі аясында Ормуз бұғазының жабылуы әсер еткен.

Қақтығыс басталғанға дейін Үндістан импорттайтын сұйытылған мұнай газының шамамен 90%-ы Парсы шығанағы елдеріне тиесілі болған. Ал қаңтар–шілде аралығында олардың үлесі шамамен 60%-ға дейін төмендеген.

Шілде айында Үндістанға импортталған сұйытылған мұнай газының жалпы көлемі 1,23 млн тоннаны құрады. Бұл – соңғы төрт айдағы ең жоғары көрсеткіш. Маусыммен салыстырғанда жеткізілім көлемі шамамен 7%-ға өскен.