АҚШ Украинаға тағы әскери көмек береді
АҚШ Сенаты мемлкететтік шығын жайында заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құжат желтоқсан айының ортасына дейінгі мерзімге арналған. Онда Украинаға құны 12 млрд доллар болатын қаржылай және әскери көмек қарастырылған.
Қаражат логистикалық шығын, әскери қару-жарақ пен техниканы қамтамасыз ету, сонымен қатар, әскери дайындық шараларына жұмсалатын болады.
Дауыс беру кезінде заң жобасын 72 сенатор қолдаса, 25-і қарсы шықты. Енді оны Конгрестің Палата өкілдері дауысқа салмақ. Нәтижесі оң болса, құжатты ел президенті Джо Байден бекітетін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды
Өзгелердің жаңалығы