АҚШ Украинадағы бейбітшілік жоспарын 28 тармақтан 19-ға дейін қысқартты

АҚШ пен Украина жаңа бейбітшілік келісімінің жобасын әзірлеп, оны 28 тармақтан 19 тармаққа дейін қысқартты. Бұл туралы Financial Times басылымы Украина Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сергей Кислицаға сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Женевадағы келіссөздерге қатысқан Кислицаның айтуынша, кездесу «шиеленісті, бірақ нәтижелі» өткен. Нәтижесінде екі тарапқа да «жағымды әсер қалдырған» құжаттың жаңартылған жобасы дайындалған.

Бірнеше сағатқа созылған күрделі келіссөздерден кейін тараптар бірқатар маңызды мәселелер бойынша уағдаластық. Ал ең даулы тұстарды Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің деңгейінде талқылау үшін ашық қалдырдық, - деді Кислица.

Оның айтуынша, жаңа құжат бастапқы жоспардан едәуір өзгеше.

Алғашқы нұсқадан өте аз қалды. Біз позицияларды жақындататын нақты шаралар жиынтығын әзірледік. Кейбір мәселелер бойынша компромиске дайынбыз, ал қалғаны екі ел басшыларының шешіміне байланысты, - деп атап өтті ол.

Бұған дейін NBC News 28 тармақтан тұратын жоспар туралы хабарлаған еді. Онда украин армиясының санын азайту, әскери көмекті қысқарту, орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беру, сондай-ақ Донбасс пен Қырымды Ресейдің бөлігі ретінде тану туралы ұсыныстар болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Alex Wong/Getty Images
Өзгелердің жаңалығы