Бүгiн 2026, 07:10 Фото: Telegram/Zelenskiy

АҚШ – Украина – Ресей: Наурызда шешуші кездесу өтуі мүмкін

Зеленский Трамппен келіссөз жайын айтты.

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесудің қорытындысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 ақпанда өткен 30 минуттық әңгіме барысында тараптар Женевада өтетін екіжақты кездесуде украин және америкалық делегациялар талқылайтын мәселелерді қарастырған.

Зеленскийдің айтуынша, наурыз айының басында АҚШ, Ресей және Украина қатысатын үшжақты кездесу өткізу жоспарланып отыр. Ол келіссөздердің көшбасшылар деңгейіне өтуіне жол ашуы мүмкін.

Сонымен қатар телефон арқылы өткен келіссөзге АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен президенттің күйеу баласы Джаред Кушнер де қатысқан.

Кездесудің нақты өтетін орны әзірге жарияланған жоқ.