20 Қазан 2026, 08:29
Фото: report.az
АҚШ Украина мен Судан азаматтарын депортациядан әзірге қорғайды
АҚШ Украина мен Судан азаматтарын депортациядан уақытша қорғауды жалғастырады. Бұл туралы CBS News агенттігі хабарлады.
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің мәліметінше, екі ел азаматтарына берілген уақытша қорғалған мәртебенің (TPS) мерзімі 19 қазанда аяқталуы тиіс болған. Алайда бағдарламаға қатысты түпкілікті шешім қабылданғанға дейін олар депортациядан қорғалады.
2025 жылғы наурыздағы дерек бойынша, АҚШ-та 100 мыңнан астам украиналық пен Суданның шамамен 1800 азаматы уақытша қорғауға ие болған.