АҚШ үкіметі тек екі жынысты мойындайды – Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендерлік саясатқа тоқтау салмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Голос Америки сайтына сілтеме жасап.

Мен балаларды жыныстық өзгерту операцияларынан қорғау туралы жарлыққа қол қоямын, әскерде және бастауыш, орта және жоғары мектептерімізде трансгендерлік саясаттан бас тартамын, - дейді президент Аризона штатының Финикс қаласында өткен консервативті жастарға арналған іс-шарада.

Сондай-ақ Трамп ерлердің әйелдер спортына араласуына жол бермейтінін айтып, "АҚШ үкіметі тек екі жынысты – еркек пен әйелді ресми түрде таниды" деп мәлім етті.

АмерикаFest конференциясында сөйлеген Трамп екінші мерзімдегі бағдарламасын жариялап, қазіргі президент Джо Байден мен вице-президент Камала Харристі сынға алды.

20 қаңтарда Америка Құрама Штаттары ұзақ әрі сәтсіз 4 жылды артта қалдырып, ұлттық ұлы дәуірін бастайды, - деді Трамп.

Трамп Америка үшін алтын дәуір келе жатқанын атап өтті.

Еске салсақ, қарашада Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетіп, АҚШ-тың 47-президенті атанған болатын. Осыған орай BAQ.KZ тілшісі жеңімпаз атанған көшбасшының өмірі туралы қызықты фактілерді жинаған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram/ realdonaldtrump
Өзгелердің жаңалығы