АҚШ-тың соққысынан кейін Йемендік хуситтер бейбіт келісім орнатуға келісті
Йемендік хуситтер АҚШ-пен бейбіт келісім орнатуға дайын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.kz арнасының мәліметінше, Әл-Араби телеарнасы осылай деп ақпарат таратты. Америкалықтар тарапынан қақтығысты шешуге қадам жасалса, қозғалыс өкілдері диалог жүргізуді бастайды. Әзірге бұған қатысты Ақ үй мәлімдеме жасаған жоқ.
Еске салайық, бірер күн бұрын Дональд Трамп Йеменде әскери операция жүргізуге ресми түрде рұқсат берді. Америкалық әскери әуе күштері Сана қаласы мен тағы бірнеше провинцияны бомбалады. Салдарынан 31 адам қаза тауып, 100-ден аса тұрғын зардап шекті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады
Келесі жаңалық
Ұлытауда алаяқтыққа қатысы бар 1000-нан аса сайт бұғатталды
Өзгелердің жаңалығы