АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі қазақ тілінде үндеу жасады

АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы Instagram парақшасында еліміздегі жаңа елші Джули Стаффттың қазақстандықтарға қазақ тілінде жолдаған бейнеүндеуін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті достар, әріптестер және қазақстандықтар! Менің атым Джули Стаффт. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі ретінде қызмет ету – мен үшін үлкен мәртебе, – деді ол.

Одан кейін елші сөзін ағылшын тілінде жалғастырып, алдағы жұмыс жоспарларына тоқталды. Оның айтуынша, АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты мәдениет пен білім беру саласынан бастап, сауда, инвестиция және жасанды интеллект бағыттарына дейін кеңейту көзделіп отыр.

Бұл бастамалар екі ел үшін де өзара тиімді әріптестікті нығайтуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті дипломат.

Айта кетейік, 2025 жылдың қазан айында АҚШ Сенаты Джули Стаффтты АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне ресми түрде бекіткен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы