АҚШ-тың Луизиана штатында жаппай атыс болып, 8 бала қаза тапты
Қазіргі уақытта қаза тапқандардың аты-жөні ресми түрде жарияланған жоқ, тергеу жалғасып жатыр.
АҚШ-тың Луизиана штатының Шревепорт қаласы қаласында болған жаппай атыс салдарынан 8 бала қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полиция мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Полиция дерегінше, қайғылы оқиға жексенбі күні таңғы сағат 06:00 шамасында тұрғын үйде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандардың жасы 1 мен 14 жас аралығында. Қайтыс болғандардың кейбірі күдіктінің туыстары екені хабарланды.
Жергілікті құқық қорғау органдарының өкілі Кристофер Борделонның айтуынша, атыс кезінде кем дегенде 10 адамға оқ атылған. Қалған зардап шеккендердің жағдайы туралы нақты ақпарат берілмеді.
Оқиғадан кейін күдікті көлік ұрлап қашқан, алайда полиция қуғын барысында оны атып өлтірген. Қазір оның өліміне байланысты мән-жайды Луизиана штаты полициясы жеке тергеп жатыр.
Шревепорт мэрі Том Арсено бұл оқиғаны қала тарихындағы ең ауыр трагедиялардың бірі деп атады.
Қазіргі уақытта қаза тапқандардың аты-жөні ресми түрде жарияланған жоқ, тергеу жалғасып жатыр.