АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі базалық пайыз мөлшерлемесін қайта көтерді

Бұл – елде шарықтаған инфляциямен күресу үшін жасалған мәжбүрлі шара, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Хабар 24» мәліметіне сәйкес жүйе басшысы Джером Пауэлдың айтуынша, қазір үкімет тұтынушылық бағаны ұстап тұруға барынша күш салып жатыр. Дегенмен елдегі ірі банктердің банкротқа ұшырауы ел экономикасын тығырыққа тіреді. Наурыз айында инфляция деңгейі 5%-ға тұрақтаған еді. Сарапшылар бұл көрсеткіш тағы өсуі мүмкін деп отыр.

Федералды резерв жүйесінің басшысы Джером Пауэлдің сөзінше, билік америкалық экономиканы рецессияға жеткізбеу үшін шұғыл қадамдар жасалмақ. Дегенмен қазір бұл жағдай АҚШ инверсторлары арасында дүрбелең туғызып отырғаны рас. 

Қазір банк секторында бірқатар өзгерістер болып жатыр. Біз инфляцияны 2%-ға дейін түсіруге тырысамыз. Тұтынушылық бағаны өсірмеуге, тұрақты ұстап тұруға шаралар қабылдануда. Наурыз айында АҚШ экономикасы қиын кезеңге тап болды. Бірақ енді несие жүйесі тұрақталуы тиіс, – дейді Джером Пауэлл.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: РБК Инвестиции
Өзгелердің жаңалығы