АҚШ-тың Чикаго қаласында парад кезінде атыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Чикаго қаласында Тәуелсіздік күніне арналған шеру кезінде белгісіз біреу жиналғандарға оқ атып, 6 адамды мерт қылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 30-дан астамы жарақат алды. Олардың арасында балалар бар. Оқиға шаһардың шетіндегі Хайленд-парк деп аталатын жерде болған. Полицияның хабарлауынша қаскөй адамдарға жақын маңдағы бизнес орталықтың төбесінен оқ атқан. Артынан қылмыс орнынан ізін суытқан. Күдікті 22 жастағы Роберт Кримо есімді тұрғын болып шықты. Қазір полиция оны іздестіріп жатыр.
Қазір Хайленд-парк полициясы пен басқа да құқық қорғау органдары күдіктіні іздестіріп жатыр. Ол шамамен 18-20 жастағы ұзын қара шашты жас жігіт деп отырмыз. Оқиға орнынан қару табылды. Атыс болған жер қоршауға алынып, тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз, – деді Хайленд-Парк полициясының командирі Крис О'нил.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы