Бүгiн 2026, 02:34 Фото: freepik

АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі: Иранға қарсы операция Ирак сценарийін қайталамайды

Қажет болған жағдайда Пентагон шектеулі жер үсті операциясын жүргізе алатынын жоққа шығармады.

АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Майк Уолтц Иранға қарсы әскери операция 2003 жылғы Ирактағыдай ауқымды араласуға ұласпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл 2003 жылғы тағы бір Ирак болмайды. Тегеранда жүздеген мың сарбаз қалмайды, - деді Уолтц Fox News-ке берген сұхбатында.

 Сонымен бірге, қажет болған жағдайда Пентагон шектеулі жер үсті операциясын жүргізе алатынын жоққа шығармады.

Ал АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс операцияның нақты мақсаттары белгіленгенін, ал Ақ үй Ирак сценарийін қайталамауға тырысатынын айтты.