2 Тамыз 2026, 11:47 Фото: NBC News

АҚШ-тың Айдахо штатындағы атыс салдарынан үш адам қаза тапты

Оқиға Твин-Фолс қаласындағы жылдам тамақтану мейрамханасының маңында болды. Атыс салдарынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды.

АҚШ-тың Айдахо штатындағы Твин-Фолс қаласында болған атыс салдарынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды.

NBC News мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 15:00-де In-N-Out Burger жылдам тамақтану мейрамханасының маңында болған.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, атыс жасаған адамның қаза тапқандардың арасында бар-жоғы әзірге белгісіз. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.