АҚШ таза энергияға көшу қарқынында Қытайдан артта қалды

АҚШ жаңартылатын энергияға көшу жылдамдығында Қытайдан айтарлықтай қалып отыр. Бұл туралы The Wall Street Journal (WSJ) басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басылымның мәліметінше, Қытай жасыл энергетиканы белсенді дамытып жатқанда, АҚШ Дональд Трамп әкімшілігі кезеңінде мұнай мен газ өндірісіне басымдық берген.

Массачусетс технологиялық институты мен Rhodium Group деректеріне сәйкес, биылғы екінші тоқсанда АҚШ компаниялары жаңа жобалардан гөрі көбірек жаңартылатын энергия бастамаларын жойған. Инвестициялар алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 51%-ға төмендеген.

Ал Қытайда жылдың алғашқы жеті айында 277 гигаватт күн және жел электр станциялары іске қосылды. Бұл АҚШ-тың 2025 жылға жоспарлаған жалпы қуатынан төрт есе артық.

Қытай сонымен қатар энергия сақтаудың жаңа технологияларын енгізуде. Қаңтарда елдің солтүстігінде әлемдегі ең ірі гидроаккумуляторлық электр станциясы толық іске қосылды. Ал ақпанда Қытайдағы Баян-Обо кен орнында табылған торий қоры елді 60 мың жылға жететін отынмен қамтамасыз етуге жеткілікті болуы мүмкін екені хабарланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы