АҚШ Таяу Шығыстағы дипломаттарын шұғыл эвакуацияламақ
Сонымен қатар, АҚШ дипломаттары эвакуация жұмыстарының ретсіз ұйымдастырылғанына және қаржылық қолдаудың жеткіліксіздігіне шағымданған.
АҚШ аймақтағы жағдайдың шиеленісу қаупіне байланысты дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлерінің бір бөлігі мен олардың отбасы мүшелерін Таяу Шығыс елдерінен шұғыл түрде шығаруды ұйымдастырып жатыр. Бұл туралы CNN дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Телеарнаның мәліметінше, 23 қазанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиоға жолданған жазбада Иранның әскери белсенділігі артқаны айтылған. Құжатта Тегеранның ықтимал шабуылдарына дайындық Таяу Шығыста және өзге де кейбір елдерде жоғары деңгейге жеткені көрсетілген.
Сонымен қатар, АҚШ дипломаттары эвакуация жұмыстарының ретсіз ұйымдастырылғанына және қаржылық қолдаудың жеткіліксіздігіне шағымданған. Олардың бір бөлігі Иранмен соғыс кезіндегі эвакуациядан кейін қызметіне жақында ғана оралған. Енді олар қайтадан баспана іздеп, балаларының оқу мәселесін шешуге мәжбүр болып отыр.