Бүгiн 2026, 07:48
Фото: Kacper Pempel / Reuters
АҚШ Таяу Шығысқа тағы 10 мыңға жуық әскер жіберуі мүмкін
Бұған дейін өңірге 5 мың теңіз жаяу әскері мен бірнеше мың десантшы жіберілген.
АҚШ Қорғаныс министрлігі Таяу Шығысқа шамамен 10 мыңға жуық әскери қызметкер жіберу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, аймақтағы әскери топты күшейту жоспары жаяу әскер мен бронетехниканы қамтуы мүмкін. Бұған дейін өңірге 5 мың теңіз жаяу әскері мен бірнеше мың десантшы жіберілген.
Бұл шешім АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер жүріп жатқан кезеңде қарастырылып отыр.