АҚШ-тан бір миллионнан астам заңсыз мигрант өз еркімен кетті

АҚШ-тан қаңтар айынан бері мыңдаған адам "ерікті түрде елден шығу" бағдарламасы аясында мемлекет көмегімен елінен кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэмнің мәліметінше, жүздеген мың мигрант ешқандай мемлекеттік қолдаусыз өз бетінше қайтқан.

Ноэмнің айтуынша, қаңтардан бастап қылмыс жасаған жүздеген мың заңсыз мигрант ұсталған. Соңғы үш айда елге бірде-бір "заңсыз" кірмегенін атап өтті.

Бұл – еліміз тарихында алғаш рет шекарадағы қауіпсіздік осындай деңгейге жетіп отыр, – деді Ноэм Чикагода өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің пікірінше, бірқатар "демократиялық" штаттар заңсыз мигранттарды депортациялау ісіне кедергі келтіруде.

Ақ үйдің "ерікті түрде елден шығу" бағдарламасы аясында АҚШ-та заңсыз жүргендерге 1000 доллар көлемінде қаржылай көмек және отанына оралу үшін ұйымдастырушылық қолдау көрсетіледі. Бұл оларға көші-қон және кеден полициясымен проблемалардан қашып, елден кедергісіз кетуге мүмкіндік береді.

Жаз айларында АҚШ-тың бірнеше штатында, соның ішінде Калифорнияда, Трамп әкімшілігінің миграциялық саясатына қарсы жаппай наразылық акциялары өткен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Edgar H. Clemente/AP Photo/picture alliance
Өзгелердің жаңалығы