АҚШ-тағы орман өрті: "Болашақ" ресми мәлімдеме жасады

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Калифорния штатында болып жатқан орман өртіне байланысты жағдайды мұқият бақылап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда Калифорния штатында 73 стипендиат білім алып жатыр, оның ішінде 56-сы "Болашақ" бағдарламасының, ал 17-сі ғылыми тағылымдама бағдарламасының стипендиаттары. Барлығы аман-есен, кураторлармен байланыста.

Стипендиаттар жергілікті билік органдарының ұсыныстарын орындап, жағдай туралы бізге жедел түрде хабарлап отырады. Біз университеттермен тұрақты байланыстамыз және кез келген өзгеріске жылдам әрекет етуге дайынбыз, – деп хабарлады "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ баспасөз қызметі.

"Болашақ" стипендиаттарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Төтенше жағдайларда Сан-Францискодағы Қазақстан Республикасының Консулдығына хабарласуларыңызды сұраймыз:

Мекенжай: 456 Montgomery St., Suite 950 & GC-5, San Francisco, CA, 94104
• Байланыс телефондары: +1(650) 741-8894
• Электрондық пошта: sanfrancisco@mfa.kz

Еске салсақ, дала өрттері Калифорнияда бірнеше күн бойы, яғни 7 қаңтардан бастап жалғасып келеді. Бұл штат тарихындағы ең жойқын өрттердің бірі деп саналады. Қатты екпінді жел мен төмен ылғалдылық жағдайды ұшықтырып отыр. Тіпті әлемге әйгілі Hollywood жазбасы да өртке оранды

Қазірде Калифорнияда алапат өрттің салдарынан төтенше жағдай жарияланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы