АҚШ-тағы медициналық орталықта атыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Оклахома штатындағы медициналық орталықтың бірінде атыс болып, 4 адам көз жұмды, деп жазды «Хабар 24».

Тағы бірнеше кісі жарақат алған. Оқиға Талса қаласындағы Әулие Франциск кампусында болған. Адамдарға кімнің оқ атқаны және оқиғаның қалай өрбігені әлі белгісіз. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, полицейлер күдіктіні атып өлтірген. 

Бірақ кей ақпарға қарағанда қылмыскер өзін-өзі атқан. Қазір ғимарат қоршалып, тергеу жүріп жатыр. 

Айта кетейік, өткен сейсенбі күні Техастың Ювалде қаласындағы мектепте атыс болып, 18 оқушы мен үш мұғалім көз жұмған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы