АҚШ-тағы ең ұзақ "шатдаун" аяқталды: Өкілдер палатасы бюджетті бекітті

Алдағы екі айға арналған бюджет туралы заң жобасын Өкілдер палатасының 222 мүшесі қолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.

Оны мақұлдау үшін 433 дауыстың 217-сінен көпшілігі қажет болды. Төрт мүше палатада болмағандықтан, заң жобасын қабылдау үшін қажетті ең аз дауыс 215-ке дейін қысқартылды. Бюджет туралы заң жобасын тек 216 республикашыл ғана емес, сонымен қатар алты демократ та қолдады.

Өкілдер палатасының дауыс беруінен кейін бюджетке АҚШ президенті Дональд Трамп қол қоюы керек. Ол жақын арада бұл әрекетке дайын екенін мәлімдеді. Осыдан кейін үкімет жұмысын қайта бастайды, ал АҚШ тарихындағы ең ұзақ уақытқа созылған шатдаун - 42 күннен соң, бүгін аяқталады деп күтілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы