Кеше 2026, 20:50 Фото: Getty Images

АҚШ-тағы бюджет дағдарысы: Маск даулы бастама көтерді

Ол қаржылық дағдарыс кезінде TSA қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді ұсынды.

Америкалық миллиардер Илон Маск АҚШ Көлік қауіпсіздігі әкімшілігінің (TSA) үкімет жұмысының ішінара тоқтауынан (шатдаун) зардап шеккен қызметкерлеріне жалақыны жеке өзі төлеуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында жазды.

Еліміздегі әуежайларда көптеген америкалықтың өміріне кері әсер етіп отырған осы қаржылық дағдарыс кезінде TSA қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуді ұсынғым келеді, – деп жазды америкалық кәсіпкер.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, үкімет жұмысының ішінара тоқтауына байланысты әуежайларда TSA қызметкерлерінің шамамен 10 пайызы жұмысқа шықпаған. Әдетте жұмысқа келмейтіндер үлесі шамамен 2 пайызды құрайды, алайда 14 ақпаннан кейін бірқатар әуежайда бұл көрсеткіш 20 пайызға дейін өскен.

Соның салдарынан әуежайларда ұзын-сонар кезек пайда болып, жолаушылар тексеруден өту үшін кемінде бірнеше сағат уақыт жұмсаған. Бұл жаппай кешігулер мен рейстердің тоқтатылуына алып келген.