АҚШ-та жасөспірім мектепте оқ жаудырып, өз-өзіне қол жұмсады

АҚШ-тың Денвер қаласының маңында қайғылы оқиға болды: Evergreen High School мектебінің 16 жасар оқушысы қатарластарына оқ жаудырып, кейін өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атыс мектептің ішінде және сыртында болған. Полиция оқиға орнына 5 минутта жеткен, бірақ қару қолданбаған.

Екі жасөспірім зардап шекті: біреуінің жағдайы қалыпты, екіншісі ауыр халде.

Оқиға орнында 100-ден астам қызметкер жұмыс істеді

Мектеп 1999 жылы Columbine High School мектебінде қайғылы оқиға болған ауданда орналасқан.

Айта кетейік, кеше АҚШ-тың Юта штатында саясаттанушы Чарли Кирк кісі қолынан қаза тапқан. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы