АҚШ-та жанармай тағы да қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та жанармай бағасына қатысты кезекті рекорд тіркелді. Оның бір галлонының құны 4,6 долларға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Әр штаттағы баға әртүрлі. Ең қымбат жанармай Калифорнияда. Мұнда оның бір галлоны 6 долларға сатылып жатыр. Баға өткен аптада бірнеше рет құбылған еді. 

Сарапшылар бұл жағдайға әлемдік нарықта мұнайдың қымбаттауы әсер еткенін айтады. Оның үстіне, алда жаз маусымы келе жатыр. Бұл жұрттың демалысқа шығып, қыдыратын кезі. Жанармайға деген сұраныс та арта түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы