АҚШ-та зауытта жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты
АҚШ-тың Теннесси штатындағы әскери жарылғыш заттар шығаратын зауытта жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты және із-түзсіз кеткендер бар. Бұл туралы Associated Press (AP) агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Хамфрис округінің шерифі Крис Дэвистің айтуынша, Accurate Energetic Systems компаниясына тиесілі зауыттағы жарылыстың себебі әзірге анықталмаған.
Қазіргі уақытта жоғалып кеткен бірнеше адам бар, сондай-ақ бірнеше адамның қаза тапқаны расталды. Тергеу бірнеше күнге созылуы мүмкін, - деді шериф.
Әуе түсірілімі жарылыс салдарынан ғимараттардың бір бөлігі мен бірнеше көліктің бүлінгенін көрсетті.
Айта кетсек, бұған дейін биылғы тамыз айында Пенсильвания штатындағы болат зауытында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, 10 адам жараланған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы