Бүгiн 2026, 09:25
Фото: pexels.com
АҚШ-та ұшақ апатынан бес адам қаза тапты
Әуе кемесі соқтығыс кезінде жоғары жылдамдықпен қозғалған.
Техас штатындағы Остин қаласына жақын маңда Cessna 421C шағын ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан бейсенбі күні бес адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті билік бұл оқиға туралы жұма күні мәлімдеді.
Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі (NTSB) мен Азаматтық авиацияның федералдық басқармасы (FAA) апаттың мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
Оқиға орнына шұғыл қызметтер жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ соқтығыс сәтінде жоғары жылдамдықпен қозғалған.
Сондай-ақ сол уақытта осы аймақта болған тағы бір ұшақ Нью-Браунфелс қаласына сәтті қонғаны хабарланды.
Апаттың себептері анықталып жатыр.