АҚШ-та USAID агенттігі ресми түрде жабылды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Х әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) ресми түрде жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл шешім 2025 жылдың қаңтарында президент Дональд Трамп бастамашы болған ауқымды реформаның бір бөлігі болып отыр. Сол кезде ол шетелдік көмек бағдарламаларын қайта қарау үшін 90 күнге уақытша тоқтатқан еді.

Қаңтардан бері біз салық төлеушілердің ондаған миллиард долларын үнемдедік. Енді USAID ресми түрде жабылады, ал негізгі бағдарламалар Мемлекеттік департаментке беріледі, — деді Рубио.

The Guardian дерегінше, 2025 жылдың 30 қыркүйегіне дейін USAID-тің барлық шетелдік өкілдіктері жабылады. Қазіргі таңда агенттіктің 83%-ға жуық бағдарламасы тоқтатылған.

5 наурызда Конгреске жолдаған жолдауында Дональд Трамп USAID шығындарын «күмәнді» әрі «мәнсіз» деп атап, мысал ретінде шетелде ЛГБТ құқықтарын қорғауға бөлінген 40 миллион долларды сынға алды. Ол әсіресе Қазақстандағы ЛГБТ қауымдастығын қолдауға бағытталған 10 миллион долларлық бағдарламаға ерекше назар аударды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: tock.adobe.com
Өзгелердің жаңалығы