АҚШ-та торнадо салдарынан 25 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннеси штатында елуге жуық үй қираған. Ауруханаға 150 адам жеткізілген және із-түзсіз жоғалғандар көп.
АҚШ-тың Теннеси штатында торнадо салдарынан 25 адам қайтыс болды. Жоғалған адамдарды құтқару қызметі іздеп жатыр. Бұл туралы штаттың төтенше жағдайлар ведомствосы хабарлады.
Нашвилла штаты астанасының билігі таратқан ақпаратқа сәйкес, қалада 48 ғимарат қираған және 150 адам ауруханаға жеткізілді.
Телеарнаның трансляциясында қираған көшелер мен көпірлер көрсетілді.
Ондаған ұшақ әуежайда қонатын кезде соқтығыстан. Жолда көліктер апаты тіркелген.
Төтенше жағдайлар ведомствосының хабарлауынша, 73 мың отбасы сейсенбі күні жарықсыз қалған. АҚШ президенті Дональд Трамп 6 наурыз күні табиғи апаттан зардап шеккен аймаққа баратынын мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай-175: "Жас Абай" спектаклінің тұсаукесері өтеді
Өзгелердің жаңалығы