29 Сәуір 2024 2024, 01:24 Фото: видеодан кадр

АҚШ-та торнадо салдарынан үш адам қаза тапты

Америка Құрама Штаттарының Оклахома штатында торнадо салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасап.

Америка Құрама Штаттарының Оклахома штатында торнадо салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасап.

Табиғи апаттан көз жұмғандардың біреуі – бала екені анықталды.

Ұлттық метеорологиялық қызметтің деректері бойынша, бір түнде штат аумағында бірнеше жойқын торнадо тіркелген.

Оклахоманың губернаторы Кевин Ститт штатта төтенше жағдай режимін жариялады.