АҚШ-та қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы екінші орынды жеңіп алды
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының лидері Михаил Шайдоров АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді.
Қысқа бағдарламада спортшымыз үшінші нәтиже көрсетті. Ал еркін бағдарламада Шайдоров 161,42 ұпаймен көш бастады.
Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша ол 251,09 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орын алды. Франция өкілі Кевин Аймоз жарыс жеңімпазы атанды. (253,53 ұпай). Қола медальді жапониялық Казуки Томоно жеңіп алды (245,57 ұпай).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанай облысында соңғы онжылдықтағы рекордтық егін жиналды
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы