АҚШ-та қаза болған балуан Мұхамбет Қуатбектің денесі елге жеткізіледі
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2014 жылы Жасөспірімдер арасындағы екінші жазғы олимпиада ойындарында чемпион атанған еркін күрес балуаны Мұхамбет Қуатбек 27 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерді тараған еді. Осы орайда Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров қайтыс болған спортшының денесі қашан жеткізілетінін айтты.
2024 жылғы 19 наурызда Нью-Йорк қаласындағы консулдығына Филадельфия қаласында Қазақстан азаматы қайтыс болғаны жайлы ақпарат келіп түсті. Отандасымыздың денесі 16 наурызда Филадельфия қаласының мәйітханасына жеткізілді. Филадельфия қаласының сот-медициналық кеңсесінің мәліметі бойынша өлім жүректің тоқтап қалуынан болған деп жатыр. Нақты ақпаратты күтіп отырмыз. Қазақстанның консулы қайтыс болған азаматымыздың туыстарымен байланыста. Қазіргі уақытта мәйітті Қазақстанға жеткізу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр,- деді Айбек Смадияров.
Мұхамбет Қуатбек Түркістан облысының тумасы, Қарағанды спорт мектебін бітірген.