АҚШ-та қарлы боранда 45-ке жуық көлік соқтығысты
Индиана штатындағы I-70 автомагистралінде жаппай жол апаты болып, шамамен 45 көлік бір-біріне соғылған. Оқиға трассаның 15-шақырымында, Терре-Хот қаласынан шамамен 10 мил қашықтықта болған, деп хабарлайды BAQ.KZ NBC телеарнасына сілтеме жасап.
Полицияның дерегінше, қатты қар жауып, көлік жүргізушілерінің көлікті игере алмауына әкелген. Индиана штатының Көлік департаменті таратқан жол бойындағы камера жазбасында жолдың әр тұсында шашылып жатқан көліктер көрінеді: кейбірі жол жиегіне, тіпті шөптесін аумаққа дейін шығып кеткен.
Негізгі соқтығыс жолдың батыс бөлігіне тиесілі. Дегенмен, полиция өкілі Мэтт Эймстің Facebook-тегі бейнеүндеуінде айтылғандай, шығыс бағытта да жолдан шығып кеткен көліктер көп болған.
Оқиғаның ауқымдылығына қарамастан, ауыр жарақат алғандар жоқ.
Алғашында полиция апатқа 20-30 көлік қатысты деп болжаған, кейін нақтылап, шамамен 45 көлік екенін мәлімдеді. Жол апатына күрделі ауа райы мен тайғақ жол себеп болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы