АҚШ-та қарлы боран салдарынан 230 мыңнан астам үй жарықсыз қалды
АҚШ-та қарлы боранға байланысты 230 мыңнан астам тұтынушы электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Poweroutage сайты мәлімдеді.
Жалпы өшірілген желілер саны 230 327-ге жеткен. Ең көп көрсеткіш Луизиана штатында (66 838), Миссисипиде (63 559) және Техаста (48 839) тіркелді.
Ұлттық метеорологиялық қызметтің болжамына сәйкес, Шығыс Техастан Солтүстік Каролинаға дейінгі өңірде қалың қар жауып, мұзтайғақ жағдайы күшейеді деп күтіліп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Зеленский: қауіпсіздік кепілдігі туралы құжат толық дайын
Өзгелердің жаңалығы