АҚШ-та пойыз тонаушылар көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лос-Анджелесте жүк пойыздарын тонаушылар көбейген, деп хабарлады Хабар 24.
Соның кесірінен мыңдаған америкалық тапсырыстарын уақытылы ала алмай, әлекке түсіп жатыр. Қаскөйлер пойыздардың аялдауын не баяулағанын күтіп, оңтайлы сәтті пайдаланады. Олар қораптарды өздерімен бірге тасып жүрмейді. Контейнерлерді сол жерде бұзып, құнды заттарды қолды етеді де керексіз дүниені бей-берекет шашып кете береді. Салдарынан теміржол бойы қоқыс алаңына айналған.
Менің компанияда жұмыс істеп жатқаныма 8 жыл болды. Алайда мұндайды алғаш көруім. Пойыздар қозғалып келе ме, тоқтап тұр ма, қарақшыларға бәрібір. Олар вагондардың үстіне секіріп, ойларына келгендерін істейді. Контейнерлердің құлыптары әлсіз. Олар соны пайдаланады, - деді темір жол компаниясының өкілі Адам Родригес.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордалық Ұлттық ұлан қатары 800 сарбазбен толықты
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы