АҚШ-та Пентагонға 130 млн доллар көмек түсті

АҚШ Қорғаныс министрлігі 130 миллион доллар көлемінде анонимді қайырымдылық түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл қаражат үкімет жұмысының уақытша тоқтауына (шатдаун) байланысты жалақы мен әлеуметтік төлемдерді ала алмай қалған әскери қызметкерлерге бағытталады.

Пентагонның өкілі Шон Парнеллдің айтуынша, бұл қаражат «жалпы мақсаттағы қайырымдылықтарды қабылдау құзыреті аясында» берілген және оны тек әскери қызметкерлерге еңбекақы мен өтемақы төлеуге пайдалану шарты қойылған.

Парнеллдің сөзінше, министрлік аты-жөнін жариялауды қаламаған донорға ризашылығын білдіріп, мұндай жағдай АҚШ қорғаныс ведомствосының тарихында өте сирек кездесетін оқиға екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, АҚШ-та Конгресс мемлекеттік қаржыландыруды ұзарту туралы заң жобасын уақытында қабылдай алмағандықтан, бірқатар федералды мекемелердің жұмысы уақытша тоқтаған. Соның салдарынан жүздеген мың мемлекеттік қызметкерлер мен әскери қызметшілердің жалақысы қауіп төндірген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы