Бүгiн 2026, 00:30 Фото: freepik

АҚШ-та пайдаланылған көліктер арзандап, инфляция әлсіреді

АҚШ-та инфляция қаңтар айында баяулады. Еңбек министрлігінің мәліметінше, тұтыну бағалары индексі (CPI) соңғы 12 айда 2,4%-ға өскен. Бұл желтоқсандағы 2,7%-бен салыстырғанда төмен және мамыр айынан бергі ең баяу өсім саналады, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Бағаның төмендеуіне ең алдымен энергия ресурстары мен пайдаланылған автокөліктер құнының арзандауы әсер еткен. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі кезеңде тарифтердің нарыққа ықпалы айтарлықтай сезілмейді, себебі азық-түлік пен энергияны есептемегендегі тауар бағасы өткен айда тұрақты қалған.

Бұл көрсеткіштер Donald Trump және оның жақтастарының Федералдық резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемені төмендете алады деген уәждерін күшейтуі мүмкін. Дегенмен кейбір сарапшылар алдағы айларда инфляцияның 2% мақсатты деңгейіне қарай ілгерілеу баяулауы ықтимал екенін ескертеді. Олардың пікірінше, компаниялар тариф шығындарын тұтынушыларға аудара бастаса немесе еңбек тапшылығы қызмет көрсету саласындағы бағаларды өсірсе, инфляциялық қысым қайта күшеюі мүмкін.

Premier Miton Investors компаниясының инвестициялық директоры Нил Биррелл тарифтердің нақты әсері әлі де белгісіз екенін айтты. Оның сөзінше, қаңтар айындағы есеп мөлшерлемені жақын уақытта төмендетуге мүмкіндік береді.

АҚШ экономикасы жақсы жағдайда: өсім қарқыны жоғары, инфляция тұрақталып келеді, еңбек нарығы нығайған, ал Федералдық резерв жүйесінде маневр жасауға мүмкіндік бар, – деді ол.