Бүгiн 2026, 11:20
Фото: Фото: facebook
АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің басына құлпытас орнатылды
Жазушы биыл 10 қаңтар күні өмірден өткен еді.
АҚШ-тың Вашингтон қаласында жазушы Мұхтар Мағауиннің басына құлпытас орнатылды. Бұл жайлы АҚШ-тағы қазақ азаматы Сапарбек Нағашыбеков хабарлады.
Оның сөзінше, Вашингтонда Америкадағы "Мұхтар Мағауин атындағы Қазақ ұлттық мәдени-ағарту орталығының" ресми таныстырылымы өткен.
Мұхтар Мағауин бүкіл саналы ғұмырын қазақ халқына арнады. Ол 85 жасқа келгенше 27 томдық еңбегін жазып, қазақтың бес ғасырлық тарихын рухани тұрғыда түгендеп берді. Болашақ ұрпақ атамыздың ұлы еңбегін әлі талай бағалайтыны сөзсіз. Қазақтың тарихында осыншама кітаптар жазған жазушы болмаған, - дейді ол.
Еске салайық, 10 қаңтар күні халық жазушысы Мұхтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Жазушы Вашингтон маңындағы Parklawn Memorial зиратына жерленді.