АҚШ-та мектептегі атыстан екі адам қаза тапты
АҚШ-тың Миссури штатындағы мектептің бірінде атыс болып, 2 адам қаза тапты. Тағы 8 кісі жараланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Хабар24 жазды.
Оқиға Сент-Луис қаласындағы мектепте болды. Жасы 20-лар шамасында жас жігіт мектепке қарумен таңертең кіріп, адамдарға оқ жаудырады. Оқиға орнына жеткен полицейлер оны атып өлтірді.
Тәртіп сақшылары оның осы мектепті былтыр бітірген 19 жастағы Орландо Харрис есімді жігіт екенін анықтады. Бірақ оның мұндай әрекетке не үшін барғаны әлі беймәлім. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еуропада дельфиндер кемелерге шабуылдап жатыр
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы