АҚШ-та коронавирусты анықтайтын тест тапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған халықтың коронавирус індетін анықтау үшін жиі тексеріле бастауы себеп болды, деп хабарлайды Хабар 24.
Елдің көптеген ірі шаһарларында тест тапсыруға келген халық ұзын-сонар кезекте тұр. Вирустың омикрон штамының кең етек жаюы да жағдайды ушықтырып жіберді. Жуырда Байден әкімшілігі қосымша тестке тапсырыс беріп, 10 мың тест тапсыру орталығын ашу туралы бұйрық берді.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, соңғы 7 күнде елде тіркелген науқастардың саны бірнеше есеге артып кетті. Ал желтоқсан айынан бері 83 пайызға өскен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысының тағы бір ауылына газ тартылды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы