10 Қазан 2026, 12:13 Фото: istockphoto.com

АҚШ-та «Исаиас» дауылынан 170 мыңнан астам тұтынушы жарықсыз қалды

Дауыл жақындаған сайын бірнеше штатта электр қуаты өшіп, мыңдаған тұтынушы жарықсыз қалды.

АҚШ жағалауына «Исаиас» дауылы жақындап келе жатқандықтан, Алабама мен Флорида штаттарында 170 мыңнан астам тұтынушы жарықсыз қалды.

PowerOutage мониторинг қызметінің мәліметінше, Алабамада 68,8 мың, ал Флоридада 93,8 мың тұтынушы электр қуатынсыз қалған.

Сонымен қатар Луизиана мен Миссисипи штаттарында да электр жарығы өшкен. Онда тиісінше 3,4 мың және 4,4 мың тұтынушы жарықсыз отыр.

Метеорологтердің болжамынша, бұл штаттар да дауылдың ықпал ету аймағына кіруі мүмкін. АҚШ-тың Ұлттық дауылдарды бақылау орталығының (NHC) мәліметінше, табиғи апаттың эпицентрі Флорида штатындағы Пенсакола қаласынан оңтүстікке қарай шамамен 145 шақырым жерде орналасқан.