АҚШ-та еңбек нарығы әлсіреп, жұмыссыздық артты
АҚШ-та соңғы екі айда 41 мыңнан астам жұмыс орны қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға жетті. Бұл – 2021 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы The Washington Post АҚШ Еңбек министрлігінің деректеріне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сарапшылардың айтуынша, еңбек нарығы 2025 жылдың жазынан бері айқын баяулай бастаған. Жаңа қызметкерлерді жалдау қарқыны төмендеп, ұйымдар инфляция мен салық жүктемесінің өсуіне байланысты кадр қабылдауды шектеген. Сонымен қатар, ірі компаниялар жасанды интеллектінің дамуына байланысты жұмыс орындарын қысқартуда.
Қазан айында АҚШ экономикасы үкіметтік сектордағы жаппай қысқартулар салдарынан 100 мыңнан астам жұмыс орнын жоғалтты. Бұл – COVID-19 пандемиясынан кейінгі ең ірі төмендеу. Қараша айында жағдай біршама жақсарып, 64 мың жаңа жұмыс орны ашылды, алайда жалпы еңбек нарығындағы алаңдатарлық үрдіс сақталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы