31 Қазан 2026, 11:18
Фото: PresstvExtra / x.com
АҚШ-та екі тікұшақ соқтығысып, үш адам қаза тапты
АҚШ-тың солтүстік-батысында шағын әуежай маңында екі тікұшақ әуеде соқтығысты. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері мәлімдеді.
«Синьхуа» агенттігі сілтеме жасаған Ямхилл округі шерифі кеңсесінің мәліметінше, оқиға Макминнвилл муниципалды әуежайының маңында болған. Тікұшақтардың бортындағы үш адамның барлығы қаза тапты.
Қаза тапқандардың арасында Техастан келген ұшу нұсқаушысы, Ұлыбританиядан келген курсант-ұшқыш және Орегон штатының Ньюберг қаласынан келген ұшқыш бар.
АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасының хабарлауынша, оқиғаға бортында бір адам болған Robinson R22 және екі адам болған Airbus H125 тікұшақтары қатысқан.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр.