АҚШ-та дүлей дауылдан рейстер тоқтатылды

Ауа температурасының күрт төмендеп, күн райының суып кетуі – тек сол аймақтың жергілікті халқына ғана емес, халықаралық әуе және теңіз қатынастарына да кедергі, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

АҚШ-та ауа райының күрт бұзылуы салдарынан негізгі паром қызметі уақытша істен шықты. «Вашингтон» паром палубасын су басып қалды. Хуан-де-Фука бұғазы маңындағы бұл айлақтың су астында қалуы тек саяхатшыларды әбігерге салып қана қоймай, жүк тасымалы мен логистикалық қызметтерге де кедергі келтірді. Компания судан келген шығынды есептеп жатыр. 

АҚШ-та дүлей дауылдан рейстер де тоқтатылды. Елдің Шығыс жағалауы да су астында қалды. Дүлей дауыл салдарынан 300 мың тұрғын үйде электр энергиясы істен шығып, кейбір әуе рейстері кейінге шегерілді. 

Ұлттық ауа райы қызметінің мәліметі бойынша, Мэн штатындағы 50 миллионнан астам тұрғынның өміріне қауіп төніп тұр. Алдағы тәулікте су тасқынынан құтқару жұмыстары басталады, деп хабарлады жергілікті билік өкілдері. Әуе рейстері кейінге шегерілді Ресейде де боранның салдарынан әуе рейстері тоқтатылды. 

Салехард әуежайы ел астанасы мен солтүстік аймақты байланыстырады. Сонымен қатар елдің солтүстік аймағында жолдар жабылды. Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәулікте суық күн райы сақталады. 

Аймақтағы ауа температурасы - 33 градусқа дейін төмендейді. Соңғы бірнеше жылда климаттың өзгеруі салдарынан елдегі тұрақсыз жағдай қалыпты құбылысқа айналып барады, - дейді метеорологтар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы