24 Қыркүйек 2026, 20:56 Фото: freepik.com

АҚШ-та дизель экспортын 90 күнге тоқтатуы мүмкін

АҚШ-тың дизель экспортына шектеулері: жаһандық энергетикалық нарыққа әсері

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі дизель отынын экспорттауға 90 күндік тыйым салу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Politico басылымының мәліметінше, Ақ үй осы арқылы энерготасымалдаушылардың бағасына әсер етпекші. Бастаманы талқылау қараша айында өтетін АҚШ Конгресіне аралық сайлауға дайындық аясында жүріп жатыр.

Шешім қашан шығуы мүмкін?

Басылым атап өткендей, ұсыныс әзірге заңгерлік сараптамадан өтіп жатыр. Сонымен қатар, Дональд Трамп дизель отынына тыйым салынғанын осы аптаның соңына дейін жариялауы мүмкін.

Егер бұл шара қабылданса, ол 2015 жылдан бергі осындай ауқымдағы алғашқы энерготасымалдаушылар экспортына шектеу болады. Сол кезде Барак Обама әкімшілігі АҚШ-та ондаған жылдар бойы қолданылып келген мұнай экспортына тыйымды жойған болатын.

Мұнайшылар неге қарсы?

Мұнай саласының өкілдері ықтимал шектеуге қарсы шығып отыр. Олар бұл тыйымның қысқамерзімді әсері кейін отын бағасының өсуіне ұласуы мүмкін деп есептейді.

Сондай-ақ бұл бастамаға энергетика министрі Крис Райт, қаржы министрі Скотт Бессент және ішкі істер министрі Дуг Бургум да қарсы шығуда.

Дегенмен, 90 күндік тыйым салу туралы түпкілікті шешім әзірге қабылданған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп АҚШ Иран мұнайын өз бақылауында қалдыруы мүмкін екенін айтты.